Ақтөбе облысы: Ораза айттан репортаж (Фото) 1670

Ақтөбе облысы: Ораза айттан репортаж (Фото)

05 мамыр 2022 122 Оқу 1 минут

Жер бетіндегі барша мұсылман қауым үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза Айт мейрамына орай айт намазына 35 мың адам жиналып, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жоғары деңгейде атап өтті.

Облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде ұлттық нақыштағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Қасиетті күннің маңыздылығы туралы уағыз-насихаттар айтылды.

Сонымен қатар ақсақалдарға, ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді. Он түрлі ұлттық ойындардан атап айтсақ, қазақша күрес, қол күрес, гір тасын көтеру, аударыспақ, өгіз тартыс, қой көтеру, арқан тартыс, жебе тарту, асық ату, ләңгі тебуден сайыстар өтіп, үздіктер марапатталды. Іс-шара барысында бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, салт-дәстүріміз насихатталды.

Дәстүрімізді жаңғыртқан ұлттық шарада қазақы нақыштағы жәдігерлер таныстырылды. Одан өзге айттық дастарханы жайылып, балаларға арнайы айттық үлестіріліп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Айта кетсек, биылғы Ораза аайттың ерекшелігі – алғаш рет ат тұяғын дүбірлеткен кең көлемді аламан бәйге ұйымдастырылды.
Тұлпарлар бақ сынасқан аламан бәйгеге жүлде қоры 500 000 теңге қаржы бөлініп, 29 сәйгүлік бағын сынады.

Тарихи сәттің бірі – «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 549-шы, Ақтөбе өңірі бойынша 26-ші баспана кілті Хабиболла қари Раушанға табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі