Ақтөбе: 60 шәкіртті марапаттады 3152

Ақтөбе: 60 шәкіртті марапаттады

21 желтоқсан 2023 3022 Оқу 1 минут

Жыл басынан бері Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жамағатқа Құран,тәжуид, ақида, және фиқһ пен сияр, ислам әдебі пәндері бойынша тұрақты дәрістер өтті

Аталған пәндердің мақсаты – көпшіліктің діни сауатын көтеріп, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын үйрету. Сондай-ақ құлшылыққа енді ғана бет бұрған азаматтардың жат ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін, дұрыс діни түсінік қалыптастыру.

Асыл дініміздің ең құнды қағидаларының бірі-үздіксіз ізденісте болып, білім алу. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» -деген. Демек, дініміз білім алуда адамның жаратылысы мен жас ерекшелігін шектемейді.

Осы орайда, аталған пәндер негізінде мешіт ұстаздарынан тәлім алып, табандылықпен нәтиже көрсеткен 60 шәкіртті мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы арнайы марапаттап, кітаптар тарту етті.

Одан өзге, «Білім алудың маңызылдығы» туралы: «Білім – адамзат баласын қашан да болмасын ізгілікке жеткізетін құндылық. Сол арқылы пенденің дәрежесі көтерілетіндігі туралы Жаратушымыз қасиетті Құран Кәрімде: «Білімділер мен білмейтіндер тең бе?!» деп атап өткен. Ілім талап қылушының әр басқан қадамына періштелер қанатын төсейтіндігін де Алла Елшісінің хадис-шәрифтерінен көре аламыз.Е ндеше, алған білімдеріңіз екі дүниеде де берекелі болғай!»-деп ізгі тілігін білдірді.

Айта кетейік, шәкірттердің ең жасы 10-да болса, жасы үлкені 73-ті алқымдаған әжелер.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі