Ақтөбе: Түркия мен Сирия халқы үшін арнайы дұға жасады 2471

Ақтөбе: Түркия мен Сирия халқы үшін арнайы дұға жасады

10 ақпан 2023 242 Оқу 1 минут

Бүгін жұма намазынан кейін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде зілзаладан зардап шеккен Түркия және Сирия халқы үшін бір мезетте арнайы дұға жасады. 

Сонымен қатар Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, зардап шеккен жандарға сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды.

Айта кетсек, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ақшам намазынан кейін өңірдегі ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына «Қыз – мүміннің көктемі» атты марафон аясында ауызашар беріліп, 2 Құран Хатым жасалып, оның дұғасын облыстық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов зілзаладан зардап шеккен Түркия және Сирия халқына арнады.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі