Әйел жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті 3610

Әйел жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті

09 қыркүйек 2024 237 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті мен «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы»-ның ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті.

«Ізгі қоғам» бағыты бойынша өткен тартысты додада әйел жамағаты «Сұңқар» және «Қыран» топтарына бөлініп сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды «Қыран» тобы иеленіп, екі команда ойыншыларына бағалы сыйлықтар табысталды.

Шара соңында әйел жамағаты жылы лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта да спорттық жарыстардың өтуін қолдайтындықтарын айтты.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі