АҚТӨБЕ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ 6717

АҚТӨБЕ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

12 қазан 2026 23 Оқу 1 минут

Қазақстанда Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай Ақтөбе қалалық «Қайырқожа» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Қайырқожа» мешітінің бас имамы Шыңғыс Ғалымжанұлының ұйымдастыруымен мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

Игі шараға Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли де қатысып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін өз қолымен табыстады.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.