ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі алғыс хатпен марапатталды 3020

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі алғыс хатпен марапатталды

24 қазан 2023 106 Оқу 1 минут

Рухани келісім күніне орай облыстық дін істері басқармасы мен «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен жергілікті діни бірлестік өкілдерінің арасында «Қауіпсіз, бейбіт мекен – Рухани келісім жемісі!» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыстағы діни бірлестіктер: ислам, православ, христиан евангелдік елуліктері, евангелдік христиан баптисттері және кришна санасы қоғамының өкілдері қатысты. Атап айтсақ, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман құрметті қонақтар қатарында болды.

Шараның ашылу салтанатында облыстық дін істері басқармасының басшысы құрметті қонақтарды атаулы мерекемен құттықтай отырып, қоғамдағы рухани келісімнің бағасы қымбат екенін атап өтті. Сонымен бірге облыстық мәслихаттың өкілі де сөз сөйлеп, пікірін білдірді.

Жиын барысында жергілікті діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен жыл бойы атқарылған конфессияаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар қорытындыланып, сындарлы пікір алмасылып, бейбітшілікті тұрақты дамыту және діндер мен конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, мерекелік шара аясында тақырыптық кітаптардың және фотосуреттердің көрмесі, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Шара қортындысында діни татулықтың сақталуына атсалысып жүрген жергілікті діни бірлестіктер өкілдеріне оның ішінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлының атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі