Бегімбет: Бата  жарысы өтті 2553

Бегімбет: Бата жарысы өтті

14 наурыз 2023 126 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, «Бегімбет» ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастырумен «Дін және дәстүр» бағыты аясында іс-шара өтті.

Аталған шарада 15 ата-әжелер бата беруден сайысқа түсті.

Доданы әділқазы ретінде ауыл имамы мен ауылдағы Ардагерлердің төрағасы саралады.

Төреаға Жұмат Казкенов «Бата беру – қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі. Ең қастерлі құндылығымыз – батаның айтар ойы терең, ниеті түзу, сөзі нәрлі, көпке тигізер шапағаты мол. Батаменен ел көгерер», -деп игі шараның маңыздылығына тоқталды.

Жарыс қортындысы бойынша І орынды Әбіш Матірзин, ІІ орынды Сағынтаева Шұға, ІІІ орынды Төремұратов Жамай иеленіп, үздік деп танылды. Жеңімпаздарға серитификаттар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі