Ақтөбе: Қала имамдарына арналған «Qurban 2022» дайындық жұмыстары талқыланды 1845

Ақтөбе: Қала имамдарына арналған «Qurban 2022» дайындық жұмыстары талқыланды

30 маусым 2022 156 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен «Qurban 2022» дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында қала имамдарына арналған жиналыс өтті. 

Жиында облыстың Бас имамы қала имамдарына биылғы Құрбан айт мейрамының өткізілу форматын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар «Qurban 2022» аясында атқарылатын жұмыстарды дін қызметкерлеріне арнайы бөліп берді.

 Одан өзге жауапкершілігі мол үлкен іс-шараға еріктілер мен мешіт жамағатын жұмылдырып, аталған қасиетті күндерде барынша ыждағатпен қызмет атқаруға шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітіінң баспасөз қызметі