Ақтөбе: ІХ Республикалық Құран жарысына үміткерлер анықталды 220

Ақтөбе: ІХ Республикалық Құран жарысына үміткерлер анықталды

13 қазан 2020 233 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысына Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Аталмыш сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Жарыс басында «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Әли Алмат Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

Іріктеу сайысына Ақтөбе облысы бойынша 14 үміткер қатысты. Атап айтқанда, Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша 30 параға – 2 үміткер, 20 параға – 1 үміткер, 10 параға – 5 үміткер, ал мәнерлеп оқу бойынша – 6 үміткер өзара бақ сынады.

Алланың үйін нұрландырған Құран жарысына басқа облыстың да қарилары онлайн режимде қатысып, бақтарын сынады.

Құран жарысының іріктеу сайысына қазылық еткендер – Ақтөбе облыстық орталық «Нұрғасыр» мешітінің наиб имамы, Ақтөбе қаласы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов, «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамдары Әли Алмат пен Нұрбол Смағұлов болды.

Осылайша ІХ республикалық Құран жарысының іріктеу сайысында Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша І орынды Раушан Хабиболла, 20 парасын жатқа оқу бойынша І орынды Тасболатов Бекзат, 10 парасын жатқа оқу бойынша І орынды Мусаев Абдуәли, ал Құран Кәрімді мәнерлеп оқу номинациясы бойынша І орынды Тұрсұнқұлов Юсуф иеленді.

Жоғарыдағы 4 номинация бойынша жүлделі І орын иегерлеріне 2020 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысына жолдама берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі