АҚТӨБЕ: ҚАЛА МЕШІТТЕРІНДЕ «АДАЛ ЕҢБЕК – БЕРЕКЕ КІЛТІ» АТТЫ ЖҰМА УАҒЫЗ-НАСИХАТЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 6716

АҚТӨБЕ: ҚАЛА МЕШІТТЕРІНДЕ «АДАЛ ЕҢБЕК – БЕРЕКЕ КІЛТІ» АТТЫ ЖҰМА УАҒЫЗ-НАСИХАТЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

12 қазан 2026 17 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе қаласы бойынша ұйымдастыруымен «Көшпелі уағыз-насихат керуені» аясында қала мешіттерінде жұма уағыздары жүргізілді.

Атап айтқанда, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Алмат Әли «Қайырқожа» мешітінде, наиб имамы Ерәлі Құлмағанбет «Ар-Рахим» мешітінде, мешіт ұстазы Хамитов Мырзабек «Анашым» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Сондай-ақ «Ар-Рахим» мешітінің имамы Мирзабаев Елмұрат «Әс-Сәләм» мешітінде, ал «Әзіреті Біләл» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Тәкиев «Бақытжан» мешітінде жұма уағызын айтып, жұма намазын өткізді.

Уағыздардың негізгі тақырыбы – «Адал еңбек – береке кілті». Имамдар адал кәсіптің маңызы, маңдай термен табыс табудың қадірі, еңбектегі адалдық пен жауапкершілік туралы насихат айтып, жамағатты адалдыққа, еңбекқорлыққа және қоғам игілігіне үлес қосуға шақырды.