Жазғы сауат ашу курсының екінші легі мәресіне жетті 1968

Жазғы сауат ашу курсының екінші легі мәресіне жетті

17 тамыз 2022 65 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жазғы сауат ашу лагерінің екінші легі өз мәресіне жетті.

Жазғы демалыстарын рухани білім алуға жұмсаған жеткіншектер дәріс алған ұстаздарымен қимай қоштасты. Үздік шәкірттерге Құран Кәрім сыйға берілді. Сияпатты Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы табыстады. Тәлім берген ұстаздар қауымына ата-аналар тарапынан алғыс пен ыстық лебіздер білдірілді.

Айта кетейік, сауат ашу лагері екінші лек бойынша 30-ға жуық шәкіртті қамтыды.


Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі