Хромтау: "Мектепке жол" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды 741

Хромтау: "Мектепке жол" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

18 тамыз 2021 146 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жыл сайын республика көлемінде дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биылда жалғасын тапты.

Шара барысында 60 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Осы тұрғыда «Нұр» мешіті биылда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Хромтау ауданының көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына көмек берілді.

Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын!» - деп «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы іс-шара туралы айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі