АҚТӨБЕ: ҚАЛА БАС ИМАМЫ МЕШІТТЕРДІҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ 6718

АҚТӨБЕ: ҚАЛА БАС ИМАМЫ МЕШІТТЕРДІҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

12 қазан 2026 31 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли қаладағы «Қабақ баба», «Сүлеймен ата» және «Қайырқожа» мешіттерін аралап, мешіттердің қысқы маусымға дайындығын тексерді.

Сапар барысында мешіттердің жылыту жүйелерінің жағдайына назар аударылып, қысқы маусымға қажетті дайындық жұмыстарының жүргізілгені және жылыту жүйелерінің толық іске қосылғаны айтылды.

Сонымен қатар қала бас имамы мешіттердің ішкі тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беру керектігін атап өтті. Сондай-ақ антитеррорлық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және басқа да қажетті құжаттарды ретке келтіруді тапсырды.

Бұдан бөлек, мешіттердегі діни дәрістер мен сабақтардың кестесін жүйелеп, олардың белгіленген уақытта тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ Алмат Әли «Қабақ баба» мешітінің кілемін жаңарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Аралау барысында мешіттердің қысқы маусымға дайындығын пысықтау, қауіпсіздік талаптарын сақтау және діни-ағартушылық жұмыстардың жүйелі жүргізілуі басты назарда болды.