«Нұр Ғасыр»: Рамазан айына орай күніне 3 рет Құран Хатым басталды 2582

«Нұр Ғасыр»: Рамазан айына орай күніне 3 рет Құран Хатым басталды

25 наурыз 2023 236 Оқу 1 минут

«Ислам және ізгі қоғам» жылына орай Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде күнделікті 3 рет Құран Хатым өтіп келеді. 

Атап айтсақ, ерлер жамағатына асыр намазынан кейін, ал әйел жамағатына жергілікті уақыт 11:00-де (жұма күні сағат 10:00-де) офлайн форматта мешітте Құран Хатымды облыстық мешіттің ұсазы Елмұрат Мырзабаев жүргізеді. Офлайнға келе алмайтын әйел жамағаты хатымға Zoom арқылы немесе instagram-ғы @aqtobe_aiel_qyzdar_sektory парақшасы арқылы қосыла алады.

Одан өзге жылдағы дәстүр бойынша ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ресми парақшасы instagram-ғы @nur_gasyr –да онлайн хатымды «Ақтөбе» медресе-колледжінің ұстазы Хабибулла қари Мухаммед Хусейнұлы жүргіздеді.

Рамазан – Құран айы. «Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» (Табарани) десе, «Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады» (Хазинәт-ул-әсрар)-делінген. Бұл әрине, түсіне білген әр мұсылман үшін баға жетпес бақыттың бірі.
Айта кетсек, облыстық мешітте аталған мешіттің наиб имамы, «Ақжар» қарилар орталығының директоры Бекжан қари Амангелдіұлы күнделікті тарауих намазын өткізеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі