16 Шәууәл
«Көктем шуағы, Наурыз думаны» атты мерекелік ауызашар өтті 4381

«Көктем шуағы, Наурыз думаны» атты мерекелік ауызашар өтті

26 наурыз 2025 130 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы “Қабақ баба” мешітіндегі әйел жамағатының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай “Көктем шуағы, Наурыз думаны!” атты мерекелік ауызашар өтті. Шара Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айындағы жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласы, Заречный аумағындағы “Ақбосаға” мейрамханасында 100 адамға қамтылды.

Мерекелік кешті “Қабақ баба” мешітінің ұстазы Сағиева Ақерке жиналған жамағатқа рухани насихат айтып, қасиетті Рамазан айының берекесі жайында тағылымды ойларымен бөлісті.

Іс-шара барысында 11 шәкіртке тәж кию, 8 шәкіртке “Қарилыққа бір қадам” рәсімі өтті.

Шәкірттерге Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Қошқарова ақ батасын беріп, оларға сәттілік тіледі. 

Сонымен қатар, жамағатқа Наурыз мейрамы құрметіне наурыз көже ұсынылып, түрлі рухани сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Шараға облыстың әр аймағынан келген ұстаздар қатысып, Рамазан айының қадір-қасиеті туралы Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Қошқарова, Қобда аудандық “Шәріп молда” мешітінің ұстазы Мұстахап Баян, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Тажикова, “Сүлеймен ата” мешітінің ұстазы Исаева Алтынай,  «Бақытжан» мешітінің жаңадан тағайындалған ұстазы Назерке тағылымды насихат айтты

    Бұл игі шара жамағаттың ауызбіршілігін нығайтып, Рамазан айына деген құрметті арттырып, рухани тәрбие мен дәстүрді насихаттауға үлес қосты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі