Қобдадағы балалар қуанышы
Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің бас имамы Абай Шынболатовтың бастамасымен "Ару лэнд" ойын-сауық кешенінде балаларға арналған шара ұйымдастырылды.
Шарада Ақтөбе облысы бойынша "Әйел-қыздар" секторының жетекшісі Кенжегул Кушкарова мен "Шәріп молда" мешітінің ұстазы Баян Мергенғалиқызы мерекелік дастархан басында балаларды мерекесімен құттықтап, 20 балаға тәтті сусындар мен балмұздақтар таратты.
Ата-аналар ұйымдастырушылар мен ұстаздарға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



































