Шалқар: Ұстаз түсіндіру жұмыстарын жүргізді 1129

Шалқар: Ұстаз түсіндіру жұмыстарын жүргізді

23 қараша 2021 148 Оқу 1 минут

«Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» КММ-нің қызметкерлеріне Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Дәстүрлі ислам» тақырыбында және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-нің психолог маманы Әлия Айтжанова «Жат ағымның психологиялық тұрғыдан әсері» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жат ағымның алдын алу және дәстүрлі исламды насихаттау мақсатында «Дәстүрлі ислам және дәстүрлі емес ислам» , «Жат ағымның белгілері», «Мәзхаб дегеніміз не?» тақырыбындағы өзекті мәселелер айтылды. Сонымен қатар жат ағыммен жұмысты нығайту, жат ағым өкілдеріне қатысты уағыз-насихаттар мен түсіндіру жұмыстарын қарқынды дамыту мәселелері қаралды.

Алғаш сөз алған Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай ҚМДБ-ның 2021 жылға арналған 7 бағытының бірі – жат ағымдармен жүйелі жұмыс атқару екенін айтып, ақпараттық түсіндіру жұмысының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Аталған шара қортындысында мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, ұстаздан тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар жат ағым аясында маңызды ақпараттар мен ұсыныс-пікірлер айтылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі