#Рамазан2026: «Ұлттық құндылық – ұлт қорғаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ойыл аудандық мешіті және «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігіндегі «Әжелер» мектебінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық – ұлт қорғаны», «Қызға қырық үйден тыйым салу» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, аудан ақсақалдар, әжелер, мектеп оқушылары қатысты.
Кеш қонақтары алдымен діни басқарманың төрт бағытының бірі «Дәстүр және отбасы» құндылығын дәріптеп, өз ойларын ортаға салды. Шара ашық әңгіме пікір алмасу форматында өтті.
Сонымен қатар әжелер жас келіндерге қазақы салт-дәстүр бойынша қонақ келгенде тартылатын бас табақ тәртібін түсіндірді.
Аталған шарадан кейін Рамазай айының құрметіне ораза ұстаған жандарға ауызашар берілді. Рухани шара қасиетті Құран аяттарын оқылумен басталып, ауданның бас имамы Бақжарық Қызыр ел амандығы мен тыныштығын тілеп, ауызашар батасын жасады. Одан өзге «Рамазан – рухани тәрбие айы» насихат айтылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































