Құрбан айт қарсаңында 16 молдаға әдістемелік көмек берілді 2800

Құрбан айт қарсаңында 16 молдаға әдістемелік көмек берілді

26 маусым 2023 193 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішев облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының арнайы тапсырмасына орай Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтап, 16 молдаға әдістемелік көмек берді.

Кездесу барысында халыққа ұлық мереке – Құрбан айттың мән-маңыздылығы баяндалды.

Сонымен қатар қала молдаларына құрбан шалынатын орындардағы мал сою тәртібі түсіндірілді. Қалың бұқараға айт туралы уағыз-насихатты көркем жеткізу тәсілдеріне басымдық беру мәселесі де қаралды.

Наиб имам мереке қарсаңында молдалардың киім кию әдеміне де тоқталды. Жиынға қатысқан молдаларға құрбан шалу барысында оқылатын дұға, құрбан шалу жадынамасы және арнайы жасалған төсбелгілер үлестірілді.

Айта кетсек, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен «Qurban 2023» дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында аудан және қала имамдарына арналған алқалы жиын өтіп, штаб құрылды.
https://nurgasyr.kz/p/tbe-rban-ajt-oraj-zhiyn-tip-shtab-ryldy


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі