Ақтөбеде «Munara TV» ұжымына құрмет көрсетілді 6486

Ақтөбеде «Munara TV» ұжымына құрмет көрсетілді

02 шілде 2026 42 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің бас имамы Еламан Кәрім Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ҚМДБ «Munara TV» телеарнасының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі ұжымына құрмет көрсетті.

Іс-шара барысында мешіттің бас имамы Еламан Кәрім ақпарат саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамға шынайы, объективті әрі сапалы ақпарат жеткізудегі еңбектерінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ел бірлігін нығайтуда, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуде, халық пен қоғам арасындағы байланысты бекемдеуде атқарып отырған қызметі аса маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында БАҚ пен дін саласының өзара әріптестігі, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және жастар тәрбиесі бағытындағы бірлескен жұмыстар туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында «Munara TV» ұжымына ақпарат кеңістігінде атқарып жүрген жемісті еңбектері үшін алғыс білдіріліп, арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.

Мұндай тағылымды кездесулер бұқаралық ақпарат құралдары мен дін қызметкерлері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, қоғам игілігі жолындағы бірлескен жұмыстардың одан әрі арта түсуіне, рухани-ағартушылық бағыттағы жобалардың жүйелі жүзеге асуына оң ықпал етеді.