Мұғалжар: Ауданның Бас имамы Жаңажол мен Ембіге барды
Мұғалжар ауданының Бас имамы Шадман Мұхаммедисмаил Жаңажол вахталық ауылы мен Ембі қаласына арнайы іс сапармен барды.
Сапар барысында Жаңажол вахталық ауыл мешітінде жамағатпен кездесіп, «Отбасында ата-ананың және перзенттің құқығы мен орны» атты жұма уағызын айтты. Сонымен қатар жұма намазынан кейін жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Одан өзге сапар аясы Ембі қаласында жалғасын тапты. Мұхаммедисмаил Шадман «Нұр» мешітінде құптан намазының алдында «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» тақырыбында уағыз барысында жамағатты ауызбіршілікке шақырды.
Іс сапар қорытындысында арнайы Мәуліт айына орай ұйымдастырылған шараға қатысып, адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірінен ғибратты баяндады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































