Рүстембек Аманғосов «Әс-Сәлам» мешітінде насихат айтты
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Рүстембек Аманғосов «Әс-Сәлам» мешітінде жұма уағызын өткізді.
Насихат барысында: «Ата-ананы ардақтау, үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың жүрегіне ұялаған имани тәрбие. «Әке-шешеңе не қылсаң, алдыңа сол келер», – деген дана халқымыз әр баланың санасына кішіпейілділік пен үлкенді сыйлау ұстанымын ерте бастан сіңіріп өсірген. Қазақтың танымында ата-ана – отбасы тірегі, бүкіл әулеттің ұйытқысы»,– деп халқымыздың танымындағы әке-шешеге қарым-қатынастың көрінісін атап өтті.
Сондай-ақ уағыз-насихаттан соң жамағатқа «Әс-сәләм» мешітіне жаңадан тағайындалған ұстаз болып Ермахан Жақыпұлын таныстырды.
Айта кетейік, Бегимжугин Ермахан Түркия Республикасы “Хасеки” академиясының 2025 жылғы түлегі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































