Хромтауда "Уақып" қорының жұмысы таныстырылды 2799

Хромтауда "Уақып" қорының жұмысы таныстырылды

26 маусым 2023 197 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішев Хромтау ауданына арнайы іс-сапармен барып, "Уақып" қорының жұмысын таныстыру мақсатында кәсіпкерлер мен мешіт жамағатына арнайы семинар өткізді.

Наиб имам Мәжит Жайлаубайұлы семинар барысында «Уақып – сарқылмас қазына» және «Зират және зиярат мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» атты тақырыптарды толық ашып, таныстырды.

Сонымен қатар уақыптың адамның жеке басына, қоғамның дамуына тигізер пайдасы өте үлкен екенін айта келе, қордың мән-мағынасы мен маңыздылығын тереңірек түсіндірді.

Одан өзге «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының талаптары мен ережелеріне сай зиярат ету, жерлеу тәртіптеріне жіті тоқталды.

Жиын соныңда ас берудің діндегі орны туралы баяндады.

Семинар қортысында аталған тақырыптар төңірегіндегі сұрақтарға наиб имам тұщымды жауап берді.

Айта кетсек, алдағы уақытта да семинар өзгеде аудандарда жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі