Ақтөбе: "Ислам тарихы" атты семинар өтті 6690

Ақтөбе: "Ислам тарихы" атты семинар өтті

01 қазан 2026 31 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен және «Қабақ Баба» мешітінің ұйымдастыруымен қала және аудан имамдарының қатысуымен «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы спикер ретінде қатысып, Ислам тарихындағы маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғалардың бүгінгі қоғам үшін маңызына жан-жақты тоқталды.

Сонымен қатар тарихи тәжірибеден тағылым алу, қоғамдағы ауызбіршілік пен тұрақтылықты нығайту, уағыз-насихат барысында тарихи деректерді орынды әрі сауатты қолданудың маңыздылығы сөз болды. Ислам тарихын дұрыс түсінудің жат ағымдардың алдын алудағы және жастарға дұрыс діни бағыт-бағдар берудегі рөліне де ерекше назар аударылды.

Семинар барысында қала және аудан имамдары өзара пікір алмасып, тақырып аясында көкейде жүрген сауалдарын қойып, спикерден нақты жауаптар алды.

Жиын соңында Ислам тарихын терең меңгерудің имамдардың діни-ағартушылық қызметіндегі маңызы атап өтілді.