Ақтөбе: Зират және зиярат мәдениеті насихатталды 667

Ақтөбе: Зират және зиярат мәдениеті насихатталды

17 маусым 2021 41 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде әр аптаның дүйсенбі күні құптан намазының алдында мешітке келуші жамағатқа ҚМДБ қабылдаған соңғы құжаттардың бірі – «Зират және зиярат мәдениеті» кеңінен насихатталуда. Құжат екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде зират көтерудің үкімдері, зират көтеру мәдениеті, теңдік ұстанымы, құлпытас қою мәдениеті, зират құрылыстары мен кесене салу түрлері қамтылған. Ал екінші бөлімде зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар, кесенелерді зиярат жасау, әйелдердің зиярат жасауы сынды бірқатар мәселелерге айрықша мән берілген. Бүгінде зиярат жасауды бір тәртіпке келтіріп, жалпыға ортақ мәдениетті қалыптастыру – аса маңызды істің бірі. Осыған орай, Ақтөбе облысының мешіттерінде имамдар жергілікті халыққа қабірстанға зиярат жасаған кездегі және марқұмды жерлеген уақыттағы әдептер мен тәртіптерді егжей-тегжейлі түсіндіру бойынша жұмыс жүргізуде.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті