«Бақытжан» мешіті: Отбасы құндылығын дәріптеген фильмге барды 4949

«Бақытжан» мешіті: Отбасы құндылығын дәріптеген фильмге барды

23 қазан 2025 123 Оқу 1 минут

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Бақытжан» мешітінің әйел жамағаты отбасы татулығы мен бірлігін насихаттау мақсатында «Ыстық ұя» атты фильмді тамашалап, арнайы кино талқылау шарасын ұйымдастырды.

Екі сағатқа созылған фильм көрермендердің жүрегіне терең әсер қалдырып, ата-анаға деген құрмет пен бауыр арасындағы сүйіспеншіліктің қадірін сезіндірді. Оқиғалар көпшілікті балалық шақ естеліктеріне жетелеп, кей сәттерде сағыныш пен толғаныс тудырды.

Көрсетілім соңында жамағат арасында пікірталқылау өтті.

Шара барысында мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Ата-анаға құрмет — перзентке міндет» тақырыбында насихат айтып, қатысушылармен отбасы құндылықтары туралы әсерлі ой бөлісті. Әр қатысушы өз түйген тағылымды пікірін ортаға салып, рухани әңгіме өрбітті.

Бұл игі шара мұсылман әйелдерінің рухани бірлігін нығайтып, отбасы институтының маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі