Ақтөбеде шәкірттер фиқһ пәнінен емтихан тапсырды 6766

Ақтөбеде шәкірттер фиқһ пәнінен емтихан тапсырды

29 қазан 2026 104 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ұстаз Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен шәкірттердің діни білімін саралап, күнделікті құлшылыққа қажетті ғылымхал білімін бекіту мақсатында «Мұсылманның білуі тиіс 40 парыз» кітабы аясында фиқһ пәнінен емтихан өтті. 

Емтихан барысында 40 шәкірт «Тазалық» және «Намаз» тақырыптары бойынша жазбаша тест тапсырмаларын орындап, ауызша сұрақтарға жауап берді. 

Айта кетейік, Ақтөбе облысы өкілдігінде фиқһ, Құран тәжуиді және тәпсір пәндері бойынша дәрістер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі