«Бақытжан» мешіті шәкірттеріне «БІЛІМ ДОДАСЫ» өткізілді 3337

«Бақытжан» мешіті шәкірттеріне «БІЛІМ ДОДАСЫ» өткізілді

08 сәуір 2024 589 Оқу 1 минут

Сауаптар еселенетін, 1000 айдан да хайырлы Қадір түні бар қасиетті ай Рамазанды мейлінше тиімді, сапалы құлшылықпен, қайырымдылықпен, ізгі амалдармен өткізу үшін білімнің алар орны айрықша екені даусыз.

Осы мақсатта. "Бақытжан" мешіті шәкірттеріне Фиқһ дәрістері "Ораза бабы" бойынша интеллектуалды сайыс жүргізілді.

Бұл сайыстың басы "Рамазан -рухани азық айы" тақырыбында мағыналы ролик тыңдалып, мешіт ұстазы Анар Қойшығұловадан "Қадір түнінің қадір-қасиетті" уағыз -насихаты тыңдалды.


Сайысқа "Рамазан" әжелер тобы, Ансарлар", "Айша ана" келіншектер тобы", "Қари қыздар" оқушы қыздар тобы қатысып, білімдерін сынға салды.


Сайыс :

1. "Ұяшықтар таңда"

2. "Тез жауап бер!" сұрақ-жауаптар

3. "Сөзжұмбақтар шешу"

4. "Хадистерді жалғастыр" секілді кезеңдерден тұрды.

Сайыс өте қызықты, танымды әрі тартысты өтті. Көрермендермен де танымлы тапсырмалар орындалды.

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.