#Рамазан2026: Рамазан айының алғашқы күнінде 15 мешітте 2500 адамға ауызашар берілді
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Рамазан айының алғашқы күнінде 15 мешітте 2500 адамға ауызашар берілді.
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, Ақтөбе қалалық орталық мешіті, қаладағы «Бақытжан», «Әзіреті Біләл», «Досжан Хазірет», «Қайырқожа», «Сүлеймен ата», «Ар Рахим», «Әл Латиф» мешіттері мен Шалқар, Хромтау, Ойыл, Қарғалы, Темір аудандық мешіттері жамағатқа ауызашар беріп, имамдардар Рамазан айының қадір қасиеті туралы насихат айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


























































