Сира сабақтары қорытындыланды 3665

Сира сабақтары қорытындыланды

16 қыркүйек 2024 317 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушқарова мен «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова 3 айдан бері Ақтөбе әйел жамағатына арналған «Пайғамбар Мұхаммадтың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі» атты дәрістер топтамасын ұйымдастырды. 

Аталған дәрістер ватсап группада Мәуліт қарсаңында 3 айға созылды. Жамағат Н.Рысмағанбетовтың аудио жазбаларын тыңдап, күнделікті сұрақ - жауап арқылы алған білімдерін пысықтап отырды. Әр 10-15 дәріс өткенде тест жұмыстары жасалды.

«Бақытжан» мешітінің шәкірттері Қарасаева Маржанай Медине кезеңін, Карипжанова Гүлжан Мекке кезеңін жауапкершіліктерін танытып, қадағалап, жүргізіп отырды.

Мәуліт кеші барысында осы 3 айға созылған Сира сабақтарының қорытындысы жасалып, ұстаздар Кушқарова Кенжегүл мен Қойшығұлова Анар жамағатқа, шәкірттерге алғыстарын айтып, сыйлықтар мен алғыс хаттар таратты. Белсенділігімен көзге түскен шәкірттер көпшілікке үлгі болды.

Алла баршамызға хайырлы ілім, сол ілімге амал етуді нәсіп етсін!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі