#Рамазан2026: Алғашқы  ауызшарды «Әжелер» мектебі ұйымдастырды 5965

#Рамазан2026: Алғашқы ауызшарды «Әжелер» мектебі ұйымдастырды

20 ақпан 2026 34 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде қасиетті Рамазан айының басталуына орай облыстық мешіттің «Әжелер» мектебінің мүшелері жылдағы дәстүр бойынша «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында алғашқы ауызашар дастарханын жайды. 

Ауызашарға мешіт жамағаты, ақ жаулықты әжелер мен қыз-келіншектер қатысып, қасиетті айдың берекесі мен сауабына ортақтасты. Шара барысында Рамазан айының қадір-қасиеті, сабыр мен шүкірдің маңызы жайында тағылымды насихат айтылып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

«Әжелер мектебінің» бастамасымен ұйымдастырылған бұл ауызашар, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық тәрбиені дәріптеуге бағытталған өнегелі іс-шаралардың бірі. Қайырымдылық пен мейірімділікке үндейтін қасиетті айда мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі