«Әзіреті Біләл» (р.а) мешітінде әйел жамағатына ауызашар ұйымдастырылды 2650

«Әзіреті Біләл» (р.а) мешітінде әйел жамағатына ауызашар ұйымдастырылды

18 сәуір 2023 147 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» (р.а) мешітінде әйел жамағатына ауызашар дастарханы жайылды. 

Жамағатты жұмылдырып ауызашар ұйымдастырған «Досжан хазрет» мешітінің ұстазы Ақжарқын Жилисбаева Рамазан айындағы ораза, хатым Құран, тарауих намазы, пітір садақа және Қадір түніндегі ғибадаттың маңыздылығы туралы насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Шара барысында түрлі ойындар мен викториналық сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқан қыз-келіншектерге сыйлықтар табысталды.

Жиналған жамағат өз кезегінде ұйымдастырушыларға сый-сыяпат ұсынып, алғыстарын білдірді. Ақ жаулықты әжелер ақ батасын беріп, шараға қатысқан 80 адам құптан намазына қатысып, тарауих намазын жамағатпен оқып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі