«Әзіреті Біләл (р.а)» мешіті: «Жүректерді жаулаған әз пайғамбар» атты қыз-келіншектерге арналған Мәуліт кеші ұйымдастырылды 2990

«Әзіреті Біләл (р.а)» мешіті: «Жүректерді жаулаған әз пайғамбар» атты қыз-келіншектерге арналған Мәуліт кеші ұйымдастырылды

10 қазан 2023 122 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл (р.а)» мешітінде «Жүректерді жаулаған әз пайғамбар» атты қыз-келіншектерге арналған Мәуліт кеші өтті.

Аталған шарада ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі әйел ұстаздар Кенжегүл Кушкарова, Ақжарқын Жилисбаева, Қуандық Әсем қатысып, Мәуліт кешіне арнайы уағыздарын айтты.

Рухани кеш барысында Құран оқылып, ардақты пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтылып, арнайы сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды.

Мешіт шәкірттері Алланың көркем есімдерін жатқа айтты. Сонымен қатар дін мен дәстүрді сабақтастырып, тұсаукесер рәсімі өтті.

Салауат жарысына қатысып, ең үздік атанған қатысушыларға арнайы марапатталып, сыйлықтары табысталды. Шара соңында пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйіп жеген жемістерінен қатысушылар дәм татты. Одан өзге игі шара ақ дастархан басында жалғасын тапты.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі