Облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті сенбілік жасады 2123

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті сенбілік жасады

22 қыркүйек 2022 272 Оқу 1 минут

Күз мезгілі келісімен жылдағы үрдіс бойынша ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі сенбілік шараларын ұдайы жүргізуде. Бүгінде осындай игі шара облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде өтті.

Сенбілікке облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы өзі бастамалық жасап, мешіттің ұжымы атсалысты.

Тазалық жұмысы нәтижесінде мешіт ауласы түрлі қоқыстан тазартылды.

«Тазалық — иманның жартысы» деген хадисті ту еткен қазақ қоғамында қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының борышы болып саналады. Осыны терең түсінген мешіт ұжымы «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп тонның ішкі бауындай бірлесе атқарды. Бұл мұсылман үшін сауапты іс. Сенбілікке атсалысқан ұжымға алғысымды білдіремін»- деді Облыстың бас имамы.

Айта кетсек, алдағы уақытта иманның жартысы болған тазалық жұмыстары өз жалғасын таппақ.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі