Облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті жеңімпаз атанды 2040

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті жеңімпаз атанды

31 тамыз 2022 125 Оқу 1 минут

Облыстық дін істері басқармасының тапсырмасымен, «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен, діни және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Тақырыптық апта» өтті.

Шараның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен жергілікті діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Аталған шара барысында ислам, православ, кришна, евангелдік христиан баптисттері, ҚХА өкілдері қатысты.

Жарыс қортындысында викторина бойынша облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті атынан ұстаз Ардақ Бағдалқызы шәкіртімен  үздік танылып, І орынды иеленді.

Одан өзге тақырыптық аптаның жабылуы рәсіміне басқарма басшысы қатысып, діни бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы қарым-қатыстастың маңыздылығында тоқталып, жарыстардың жеңімпаздарын марапаттап, алдағы уақытта тығыз ынтымақтастық пен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылатынына сенімін білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі