«Мәуліт — жүректерге шырақ жаққан түн»  атты  рухани кеш өтті 4855

«Мәуліт — жүректерге шырақ жаққан түн» атты рухани кеш өтті

20 қыркүйек 2025 106 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінде «Мәуліт — жүректерге шырақ жаққан түн» атты рухани кеш өтіп, 60-қа жуық қыз-келіншектер қатысты.

Игі шараны мешіттің бас имамы Нұрлыбек Такеев ашты. Сонымен қатар аталған мешіт ұстазы Жазира Айбекқызы пайғамбардың (с.ғ.с) өміріне шолу жасап, болған оқиғаларды макет арқылы таныстырды.

Одан өзге жамағат арасында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, пайғамбардың (с.ғ.с) сүйікті тағамдары таныстырылды. Шара соңында шағын фуршет ұсынылып, жиналғандар бір-бірімен әңгімелесіп, мерекенің берекесін бірге сезінді. Кеш қайырымдылықпен қорындыланды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі