#Рамазан2026: «Әйел-қыздар» секторы балалар үйіне барды 6049

#Рамазан2026: «Әйел-қыздар» секторы балалар үйіне барды

10 наурыз 2026 37 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облысында «Әйел-қыздар» секторы «Жетімнің жағдайын жақсартатын адамға әрбір қадам сайын сауап жазылады. Ол жетімнің басынан сипаған сайын Алла оған сауап береді» деген Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисіне амал ету мақсатында қайырымдылық ішара ұйымдастырды.

Секторға қарасты облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жанындағы «Шырайлым» қыз-келіншектер клубы мүшелерінің атсалысуымен қасиетті Рамазан айының мейірімі мен берекесін бөлісу мақсатында «Үміт» балалар үйінің 50-ден астам бүлдіршіндеріне Рамазан тәттілері мен ойыншықтарын таратты.

Шара барысында ұстаздар Кенжегүл Кушкарова мен Ақтолқын Тажикова сабыр мен сауап, Рамазанның хикметі туралы насихат айтты. Балалар үйінің қызметкерлері мен бүлшіндерді қасиетті аймен құттықтады.

Сонымен қатар балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында ертегі кейіпкерлері де келіп, балалармен ойнап, естелік суреттерге түсіп, оларға ерекше шаттық сыйлады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі