Әйел жамағатына аспаздық  өнерден шеберлік сағаты ұйымдастырылды 2482

Әйел жамағатына аспаздық өнерден шеберлік сағаты ұйымдастырылды

14 ақпан 2023 245 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылындағы «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен әйел жамағатының ауызбіршілігін нығайту, үй жағдайында кәсіппен айналысып, табыс табуына ықпал ету мақсатында аспаздық өнерден шеберлік сағаты өтті. 

Шеберлік сағатында жеке кәсібі бар Ақалтын Серікбаева жамағатқа орама самса қамырын илеуді, ал Назым Жайдақбаева лағман жазуды үйретті. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, екі түрлі тағамды дәмділеп әзірледі.

Сонымен қатар ұстаз Анар Қойшығұлова: «Ислам дінінде махаббаттың, сүйіспеншіліктің алар орны ерекше. Алла мен пенденің арасындағы махаббаттан басталып, ата-анаға махаббат, Отанға деген махаббат, өз перзенттеріңе деген махаббат, ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат, достардың арасындағы махаббат, ізгілік, жақсылыққа деген махаббат деп кете береді. Бұл айтылғандар Құраннан бастау алып, Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерімен қуатталады. Махаббаттың төресі – Аллаға деген махаббат. Себебі, адамдар өзгеруі мүмкін. Бүгін жақсы көріп тұрғанымызға ертең бірнәрсе үшін ренжуіміз мүмкін. Дәл солай, бүгін бізді жақсы көріп тұрған біреу ертең жек көруі де мүмкін. Ал, «Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер», - деп Абай атамыз айтқандай, Алла еш өзгермек емес»,-деп «Аллаға деген шынайы махаббат» тақырыбында насихат айтты.

Шара қортындысында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі