#Рамазан2026: Қадір түніне орай өтілген іс-шаралар (Фото)
Ақтөбе облысы өкілдігі Қадір түнін ерекше дайындықпен атап өтті. Өйткені бұл — күллі мұсылман қауымының асыға күткен ұлық түні.
Облыстың Бас имамы Амантай Садиев жиналған көпшілікті Рамазан айындағы ең ерекше түн — Қадір түнімен құттықтады.
Өкілдікке қарасты барлық мешітте Қадіір түннің қадір-қасиеттері туралы уағыздар айтылды. Одан өзге жамағатқа арнап викториналық ойындарда өтті. Жеңімпаздар марапатталды. Тарауық намазы оқылды. Құран хатым аяқталды. Елімізге тыныштық пен татулық тілеп, Құран Хатым дұғасын жасап, қариларға құрмет көрсетті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


































































































































