#Рамазан2026: Медресе шәкірттеріне ауызашар берілді 6008

#Рамазан2026: Медресе шәкірттеріне ауызашар берілді

02 наурыз 2026 31 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Ақтөбе» медресе-колледжінің қыздар бөліміне ауызашар берілді.

Сауабы мол игі шара облыс бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен, «Шырайлым» қыз-келіншектер клубының демеушілігімен жүзеге асты.

Рамазан айын ұлықтауға арналғаг шарада шәкірттерге ауызашар беріліп, ғана қоймай, әрбіріне арнайы дайындалған Рамазан сыйлықтары табысталды. Бұл — жас талапкерлерге көрсетілген жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болды.

Сектор жетекшісі Кенжегүл Кушкарова медресе ұстаздарына және шәкірттердің разылығына бөленіп жүрген аспаздардың еңбегін атап өтіп алғысын білдірді. Ал демеушілер де өз кезегінде Рамазан айымен құттықтап, сый-сияпаттарын үлестірді.

Одан өзге шара қортындысында медресе ұстаздары әлі сиясы кеппеген, шәкірттерінің қолынан шыққан каллиграфиялық туындыны сыйлады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі