#Рамазан2026: РАТТ мүшесі мен сектор жетекшісі қайырымдылық шарасына қатысты 6089

#Рамазан2026: РАТТ мүшесі мен сектор жетекшісі қайырымдылық шарасына қатысты

18 наурыз 2026 105 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде ауданның бас имамы Мұхаммедисмаил Шадманның ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтіп, оған Ақтөбе қаласынан арнайы «Әйел-қыздар» секторының облыс бойынша жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Орысбайқызы қатысты. 

РАТТ мүшесі облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің атымен Рамазан айымен құттықтады. ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры мен қордың акциялары туралы баяндап, сабыр мен сынақ тақырыбында насихат айтты.

Ал сектор жетекшісі сауап, зекет туралы насихат айта келе, мешіт жұмысындағы қайырымдылық шараларының жұмыстарының ұйымдастыру жолдары туралы тоқталды.

Сауабы мол игі істе көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі санаттағы отбасылар, жесір ана, жетім балаларға жалпы 56 аяқ киім берілді. Зекеттің жалпы 1 млн тг құрайды.

Қасиетті Құранның 200 жерінде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Сауабы мол игі іске қолдау көрсеткен демеушілер мен барша жанға Алла Тағала сансыз сауаптан жазсын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі