«Рамазан сыйы»: 70 отбасыға қуаныш сыйлады 6087

«Рамазан сыйы»: 70 отбасыға қуаныш сыйлады

16 наурыз 2026 104 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысы өкілдігінде мың айданда қайырлы Қадір түні қарсаңында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Рамазан сыйы» марафоны аясында 70 отбасыға қуаныш сыйлады.

Қайырымдылық шарасына арнайы елордадан ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры, РАНТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев келіп, арнайы қатысты.

Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі қайырымдылық шарасында 20 отбасыға 600 кг азық-түлік таратылды. Ал облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 50 отбасыға 1 тонна 500 кг жалпы екі қайырымдылық шарасында 70 отбасыға (аз қамтылған, көп балалы, жетім, жесір, мүмкіндігі шектеулі санаттағы отбасыларға) азық-түлік себеттері үлестірілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 35 мың отбасыға көмек көрсетуді мақсат еткен «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны бастау алды.

Айта кетейік, қайырымдылық марафоны қасиетті Рамазан айының соңына дейін жалғасып, жалпы саны республика бойынша 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу көзделген.

Шара барысында қор директоры іссапарының мақсатын, «Рамазан сыйы» марафоны туралы айтты. Сонымен қатар Ақтөбе жамағатын Рамазан айымен құттықтады.

Ал Ақтөбе облысының Бас имамы Қадір түнінің қасиеті туралы насихат айтып, Қадір кешінде атқаралытан қайырымдылық шаралары туралы мәлімдеді.

«Рамазан сыйын» облыстың Бас имамы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры, Ақтөбе қаласының бас имамы, облыс бойынша аталған қордың өкілі Алмат Әли отбасыларға табыстады.

Шара қортындысында ұйымдастырушылар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Қасиетті Құранның 200 жерінде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Сауабы мол игі іске қолдау көрсеткен демеушілер мен барша жанға Алла Тағала сансыз сауаптан жазсын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі