Бас имам дәстүр жаңғыртып, тұсау кесті
Мәртөк аудандық мешітінің Бас имамы Иманғали Марал «Дін мен дәстүр» бағыты аясында қазақтың салт дәстүрін жаңғыртып, Абдулла есімді бүлдіршіннің тұсауын кесіп, алдағы өміріне береке тілеп дұға жасады. Және Айзере есімді бүлдіршіннің тілашарымен шын жүректен құттықтап, жиналған дүйім жұртқа уағыз-насихат айтты.