«Balqaimaq» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатын алды 5003

«Balqaimaq» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатын алды

17 қараша 2025 85 Оқу 1 минут

 «Balqaimaq» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты бойынша ресми түрде сертификатталды.

Сертификаттау барысында дәмхананың өндірістік процестері, тағам дайындау технологиясы, ингредиент сапасы және жеткізушілер тізбегі толықтай тексеруден өтті.

Ет өнімдері мен қосымша қоспалардың құрамы ерекше назарға алынып, барлық азық-түліктің халал талаптарына сәйкестігі мұқият сарапталды. Сонымен қатар асхана мен қойма аймақтарындағы тазалық, жабдықтарды бөлек пайдалану тәртібі және қызметкерлердің жеке гигиена талаптарын орындауы бағаланды.

Аудит қорытындысы бойынша «Balqaimaq» дәмханасының өндірістік үдерістері мен дайын өнімдері «QMDB Halal» стандартына толық сәйкес келетіні расталды.

Аудит жұмыстарын технолог Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.

Ақтөбе қаласындағы Халел Досмұхамедұлы 32 мекендайындағы дәмхана ресми түрде халал сертификатын алып, тұтынушыларға адал әрі қауіпсіз өнім ұсынатын нысандар қатарына қосылды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі