Хромтау: Ауданның бас имамы студенттермен кездесті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сай «Хромтау тау-кен техникалық колледж» студенттерімен кездесу өтіп, оған Хромтау ауданының бас имамы Ерік Сұлтанов қатысты.
Ауданның бас имамы колледж студенттеріне «Имандылық - тәрбие негізі1 атты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы діни жат ағымдардың жастарға тигізер зиянына тоқталып, олардың лидерлері мен ағымдардың мақсат, мүдделерінде атады.
Кездесу қортындысында колледж ұжымы бас имам Ерік Қонақбайұлына зор алғыстарын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі