Облыстың Бас имамы Әйтеке би ауданына барды 4919

Облыстың Бас имамы Әйтеке би ауданына барды

05 қазан 2025 176 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы іс сапармен Әйтеке би ауданына барды. 

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Даулетияр Тоғызбаевпен кездесіп, аудандағы дін ахуалдың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар облыстың Бас имамы аудандағы діни тұрақтылықты сақтау мақсатында атқарылуы керек жұмыстарға тоқталды

Одан өзге дін қызметкерлеріне қолдау білдіру мәселелері де жіті талқыланды. Аудан әкімі өз кезегінде бірлесіп жұмыс атқарып, барынша қолдау көрсететіндігін білдірді.

Амантай Садиев «Мүфтият» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын аудан әкіміне сыйға тарту етті.

Айта кетсек, Әйтеке би ауданы Амантай Садиевтің 12 ауданға іс сапары.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі