#Рамазан2026: 18 адамға материалдық көмек берілді 6025

#Рамазан2026: 18 адамға материалдық көмек берілді

05 наурыз 2026 20 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша «Рамазан айында бір күнде бір мұқтажға көмек» акциясы аясында алғашқы 10 күнінде 5 қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, 18 адамға материалдық көмек берілді. 

Қасиетті Құранның 200 жерінде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Осы сауабы мол іске қолдау көрсеткен демеушілер мен барша жанға Алла Тағала сансыз сауаптан жазсын!

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі