Ақтөбе: Имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті 761

Ақтөбе: Имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

27 тамыз 2021 157 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлының ұйымдастыруымен 25-26 тамыз күндері Ақтөбе медресе-колледжінде имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Аталған семинарда РАНТ және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов арнайы келіп, алғашқы күні усулул-фиқһ бойынша, ал екінші күні заманауи пәтуаларға байланыстыда арнайы дәріс оқыды.

Ақтөбе қаласы «Қабақ баба» мешітінің наиб имамы Қайрат Имамғамбетов: «Семинар – имамдардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған біздерге әдістемелік көмек болды» десе, Хромтау ауданының бас имамы Ерік Сұлтанов: «Бас имамымызға семинарға қатысушы имамдар тарапынан алғысымызды білдіреміз. Үлкен ізгі істің көшбасшысы болып, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісін шақыртып арнайы семинар өтуде. Ілімізді арттыруға себепші болып жатыр. Әрине, біз қызмет бабында жоғары нәтижелі іспен көрсетіп, даму барысында имамдар болып үлесімізді қосамыз деген ниеттіміз. Алған білімімізді іс тәжірибеде халықпен, жамағатпен жұмыс жасау барысында қолданып, сапалы кәсіби маман ретінде қызмет көрсетеміз. Сондай-ақ Бас имам Сансызбай Құрбанұлының «Усулул Фиқһ» (Ислам құқықтарының негіздері) атты кітабының 200 данасын аудандарға тарту етті. Осы семинарды ұйымдастырушыларға, Бас имамға, дәріс берген ұстазға Алла разы болсын! Алдағы уақыттада осындай семинар жалғасын тапса деген ниеттіміз» - деп семинар туралы ой пікірін білдірді.

Одан өзге семинар қортындысында Сансызбай Құрбанұлы 20-дан астам имамдарға білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинарға қатысқандықтары туралы сертификат табыстады.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі