Әйел ұстаздар  Рамазанның 10 күнде 40 шара ұйымдастырып, 110 насихат айтты (ФОТО) 4297

Әйел ұстаздар Рамазанның 10 күнде 40 шара ұйымдастырып, 110 насихат айтты (ФОТО)

10 наурыз 2025 25 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айына орай бекіткен жоспарына сай, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде әйел ұстаздар қасиетті Рамазан айының алғашқы 10 күнінде 40 шара ұйымдастырып, 110 насихат айтты. 

Өкілдікке қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешітінде ұстаздар күнделікті дәрістер мен Құран Хатымнан кейін және ауызашарларда, одан бөлек іс-шараларда Рамазан айының қадір-қасиеті мен ораза туралы уағыздар айтылып жүр.

Сонымен қатар қысқа уақытта «Намаз оқып үйрену» дәрістері өтіліп жатыр. Шәкірттердің қатысуы белсенді. Ұлық айды насихаттауда сан түрлі шаралар ұйымдастырылып, насихат жүргізіліп келеді. Аталған шаралар Ораза айтпен қортындыланады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі