#Рамазан2026: Колледж ұстаздарына насихат айтты
Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінде ұстаздарға ауызашар беріліп, қонақ ретінде «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы қатысты.
Имам қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның рухани және тәрбиелік мәні туралы тағылымды насихат айтып, ізгілікке, сабыр мен тақуалыққа үндеді.
Сонымен қатар ұстаздар тарапынан ораза туралы сұрақтарын қойып, имам тарапынан нақты әрі толық жауаптар берілді.
Шара соңында жиналған қауымға ізгі тілектер айтылып, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































